Украина билігі түрмедегі бұрынғы әскерилерді майданға жіберу үшін босатып жатыр

Украина Қарулы күштері Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Украина билігі бұрынғы әскери қызметшілерді әскери операцияларға қатысуы үшін түрмелерден босатып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz

Прокурор Андрей Синюк Hromadske-ге берген сұхбатында елдегі тергеу изоляторлары мен бас бостандығынан айыру орындарынан Отанын қорғауға ниет білдірген бұрынғы әскери қызметкерлерді босата бастағанын айтты. Сондай-ақ ол бұл мәселе бойынша шешім "ең жоғары деңгейде" қабылданатынын атап өтті.

Бұл арада бүкіл аумағының түкпір-түкпірінде қамауда өз жазасын өтеп жатқан көп адам туралы сөз болып отыр. Бас прокурор Кеңсесінің прокуроры Андрей Синюк

Синюктің айтуынша, шешім қабылдау кезінде "жауынгерлік білік, мемлекет алдындағы еңбегі және шын жүректен өкініш білдіруі" ескеріледі.

Херсон белсендісі Екатерина Гандзюкке кезінде шабуыл ұйымдастырғаны үшін сотталған Сергей Торбин "жауынгерлік тапсырма алып" үлгергені айтылады. Сонымен бірге оған өз бөлімшесі қатарына "сотталғандардың арасынан 10 адам таңдап алуға" рұқсат етілді.

Сондай-ақ, аялдамада адам өлтіргені үшін сотталған бұрынғы әскери қарулы күштерінің жауынгері Дмитрий Балабуха майданға жіберу үшін босатылды.

Басылымның мәліметінше, "Торнадо" батальонының бұрынғы командирі Руслан Онищенко мен "Донбасс" батальонының командирі Семен Семенченко соғыс қимылдарына қатысуға өтініш білдірген, бірақ олар бойынша "мәселе әлі қарастырылу үстінде".

Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский шетелдік еріктілер қатарынан "аумақтық қорғаныс күштерінің интернациональдар легионы" құрылғанын жариялады. Бұл легионға қосылғысы келетіндер өз елдеріндегі Украина елшіліктеріне жүгіне алады.

Ал Ресей президенті Владимир Путин Украина әскеріне үндеу тастады.

Билікті өз қолдарыңызға алыңыздар, Киевте отырып, бүкіл украин халқын кепілге алған нашақорлар мен неонацистердің тобырына қарағанда Сіздербен келісу оңайырақ болады. Ресей Президенті Владимир Путин
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз