Әзербайжан билігі Таулы Қарабақтың бұрынғы басшысын ұстады
Сурет: freepik
Әзербайжан билігі мойындалмаған территорияның бұрынғы басшысы Рубен Варданянды ұстағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ресейде аста-төк байлыққа кеңелген, миллиардер кәсіпкер Рубен Варданян 2022 жылы Таулы Қарабаққа көшіп келіп, бірнеше ай бойы ондағы үкіметтің басшысы болды, тек осы жылдың басында отставкаға кетті.
Ол Армениямен арадағы шекараны кесіп өтпек болған кезде ұсталды.
Варданянның ұсталуы - Әзербайжанның армян сепаратистік билігінің мүшелерін жауапқа тартуы мүмкін екендігінің белгісі, деп жазады ABC News.
Сурет: Әзербайжанның мемлекеттік шекара қызметі
Бұған дейін Әзірбайжан өңірде толықтай бақылау орнатқаннан кейін Таулы Қарабақ тұрғындарының шамамен 23%-ы Арменияға қашқаны хабарланған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript