Украинадағы жағдай: ядролық қауіп, Псакидің мәлімдемесі, дүниежүзілік наразылықтар

Украина, Ресей, Украинадағы әскери операция, БҰҰ, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.02.2022 12:20 Сурет: Украина президентінің ресми сайты
27 ақпанда Ресей президенті Владимир Путиннің стратегиялық тежеу ​​күштерін ерекше дайындық режиміне көшіру туралы бұйрық бергені белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz

Саясат және экономика

  • Путин Қорғаныс министрлігіне ресейлік тежеу ​​күштерін арнайы әскери кезекшілік режиміне көшіруді тапсырды.

  • Путиннің айтуынша, НАТО-ның жоғары лауазымды қызметкерлері Ресейге қарсы агрессиялық мәлімдемелерге жол беріп жатыр.

  • Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер 28 ақпан күні таңертең Гомель облысының резиденциясында өтеді. Украина делегациясы бес адамнан тұрады. Олар қауіпсіздік үшін Польша арқылы баруды жөн көрді.

  • Владимир Зеленский Еуроодақ Украинаны қатарына қабылдау туралы шешім қабылдап, сол арқылы ұзақ мерзімді талқылауды аяқтау қажеттігін айтты.

  • Зеленский сондай-ақ Ұлыбритания премьер-министрі Джонсонға алдағы 24 сағат Украина үшін шешуші сәт болатынын айтты.

  • Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки Солтүстік атлантикалық альянс Ресейге қауіп төндірмейтінін айтты. Ресей президенті Владимир Путиннің арнайы жауынгерлік кезекшілік режимін енгізу туралы бұйрығын Ақ үй осылай қабылдады.

  • БҰҰ Украинадағы ядролық қақтығыс идеясының ақылға сыймайтынын айтты. Бұл туралы әлемдік ұйымның ресми өкілі Стефан Дюжаррик мәлімдеді.

  • БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі БҰҰ Бас ассамблеясының Украинаға қатысты төтенше сессиясын өткізуді сұрады, ол 24 сағат ішінде өтуі керек.

  • Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Лиз Трасс G7 елдері Украинаға қорғаныс қаруын жеткізуді жалғастыруға келіскенін айтты.

  • Арнайы әскери операция басталғаннан бері әлемде мыңдаған наразылық акциялары өтті.

  • Еурокомиссияның президенті Урсула фон дер Ляйнен Украина Еуропалық Одаққа кіруі керек деп мәлімдеді.

  • ФИФА Ресей құрамасын ту мен әнұраннан айырды. Футболдан Ресей құрамасы «РФС командасы» деген атпен жалаусыз және әнұрансыз өнер көрсетеді. Сонымен қатар Ресей аумағында халықаралық матчтар өтпейтін болды.

  • Еуроодақ кез келген ресейлік ұшақ үшін әуе кеңістігін толығымен жабады. Бұл туралы Брюссельде өткен баспасөз конференциясында Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен мәлімдеді.

  • Аустралия Ресей президенті Владимир Путин мен Ресей Қауіпсіздік кеңесінің мүшелеріне санкция салып, елге кіруге тыйым салғанын хабарлады.

  • Доллар бағамы: доллар – 117,82 рубль, еуро – 132,88 рубль (Bloomberg мәліметтері).

Әскери іс-қимылдар

  • Украина Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттікке (МАГАТЭ) зымырандар Киевтегі радиоактивті қалдықтар полигонына тигенін хабарлады, радиоактивті заттардың таралу белгілері жоқ.

  • Купянск қаласының мэрі Геннадий Мацегора қала қазір ресейлік әскерилердің бақылауында екенін айтты: «Мен адам шығыны мен қаланың қирауына жол бермеу үшін келіссөздерге қатысуды ұйғардым».

  • Мариуполь тұрғындары Украина Қарулы күштері көпқабатты үйлердің төбесіндегі минометтердің атыс позицияларын жабдықтап жатқанын хабарлады.

  • Украина армиясы «Градовтан» Желобок елді мекеніне оқ жаудырды, деп хабарлады ЛХР.

  • Мариупольде Ұлттық ұлан мен Донецк облысының полициясы ресейлік снайперді ұстады.

  • Киевтің «Луч» конструкторлық бюросы Украина армиясына экспортқа шығарылуы тиіс болған барлық зымыранға қарсы заманауи кешендерді тапсырды.

    Мақаламен бөлісу
    Мақаламен бөлісу:
    Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
    Пікірлер (0)
    Беттегі қате туралы хабарлаңыз
    Мәтіндегі қате: