Ресей 36 мемлекеттің ұшақтарына өз әуе кеңістігін пайдалануға тыйым салды

Тыйым салу Сурет: pixabay
Росавиация 36 елдің ұшақтарына арнайы рұқсатсыз Ресей төбесінен ұшуға тыйым салды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Халықаралық құқық нормаларына сәйкес, еуропалық мемлекеттердің ресейлік авиатасымалдаушылар немесе Ресейде тіркелген азаматтық ұшақтардың ұшуына салған тыйымына жауап ретінде 36 мемлекеттің әуе тасымалдаушыларының ұшақтарына ұшуға шектеу енгізілді", – делінген Росавиация хабарламасында.

Ведомствоның хабарлауынша, рейстер Росавиация немесе Ресей СІМ-нің арнайы рұқсаты болғанда ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

Тыйым тізіміне енгендер мыналар: Австрия, Албания, Ангилья (Ұлыбританияның шетел аумағы), Бельгия, Болгария, британдық Виргин аралдары, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Гибралтар, Греция, Дания + Гренландия + Фарер аралдары+ Территориялық теңіз, Джерси, Ирландия, Исландия, Испания, Италия, Канада, Кипр, Латвия, Литва, Люксембург, Мальта, Нидерланды, Норвегия, Польша, Португалия, Румыния, Словакия, Словения, Финляндия, Франция, Хорватия, Чехия, Швеция және Эстония.

Айта кетсек, Еуропалық одақ Ресей үшін әуе кеңістігін толығымен жауып жатыр.

Біз ЕО әуе кеңістігін Ресейге тиесілі, Ресейде тіркелген немесе Ресей бақылауындағы ұшақтардың пайдалануына тыйым саламыз. Олар ЕО аумағына келіп қона алмайды, ұшып та кете алмайды немесе ұшып өте де алмайды. Оның ішінде олигархтардың жеке ұшақтары бар. Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен

Шектеулер Ресейдің Украинада арнайы операциясы басталғаннан кейін енгізілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз