Жаңалықтар тізбегі
0

Екібастұздық төрт сәби сөйлей бастады

балалар екібастұздық, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.03.2022 10:27 Сурет: pixabay
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 28 ақпандағы ақпаратқа сәйкес балалардың жағдайы тұрақты, жақсарып келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Рavlodarnews.kz берген мәліметке сай, Нұр-Сұлтан қаласындағы «Ана мен бала» ұлттық ғылыми орталығы мамандарымен телемедицина сеансы өткізілді.

Бүлдіршіндер ойнап, сөйлеп, сұрақтарға жауап бере бастады. Тәбеттері жақсы. Офтальмолог, сурдолог кеңес берді. Қосымша рентгенологиялық және зертханалық тексеру жүргізіледі. 21 ақпанда Алматы қаласына ТМС-генетикалық талдауға қан үлгілері жіберілді, - дейді басқармада.

Соңғы диагнозды генетикалық тексеру нәтижелерін алғаннан кейін қоюға болады.

Еске сала кетейік, Екібастұзда тұрмысы нашар отбасында болған оқиға бойынша ішкі тергеу аяқталды. Тағы бірқатар шенеуніктер мен жауапты адамдар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Жұмыс тобы сондай-ақ осындай жағдайларды болдырмау үшін ұсыныстар жасады.

Олар тазаланбаған үйде денсаулықтары нашар күйде өмір сүріп жатқан және соңғы үш күнде тамақтанбағаны белгілі болды. Отбасы 2019 жылы Ақсу қаласына қарасты Қалқаман кентінен Екібастұз қаласына көшкен.

Кейін Павлодар облысының әкімі оқиғаға қатысты Екібастұзда кеңес өткізді. Сондай-ақ Екібастұз бен Ақсу қаласының әкімдері сөгіс алды.

Болған оқиға бойынша ішкі тергеудің қорытындысы бойынша бірқатар шенеуніктер мен жауапты адамдар тәртіптік жауапкершілікке тартылды, екеуі енді өз лауазымдарын атқармайды. Жұмыс тобы сондай-ақ осындай жағдайларды болдырмау үшін ұсыныстар жасады.

Балалардың денсаулығын жақсарту және мүгедектікті ресімдеу мақсатында алар Нұр-Сұлтан қаласындағы «Ана мен бала» орталығына жіберілген. Балалардың толық тексеруден өтіп, емделуі үшін әзірге ата-ана құқығын шектеу туралы өтініш берілмеген.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: