«Қайрат пен Жұлдыздың арасында не болды?»: Гүлзира Айдарбекова жауап берді

Қайрат Сурет: instagram/kair_n
Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі оқырманның кейбір сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетейік, Қайрат Нұртас 25 ақпанда 33 жасқа толды. Әнші жаңа жасын Мальдив аралдарында анасы және достарымен қарсы алды. Қасында әйелі мен бала-шағасы болған жоқ.

Әншінің жанкүйерлері «Жұлдыз бен бала-шағасы қайда?» деп сұрақ жаудырып жатыр. Солардың бірнешеуіне Қайраттың анасы Гүлзира Айдарбекова жауап берді.

Бүгін ұрысса, ертең татуласуы мүмкін. Көрінгеннен кір іздеп, азғыру сізге керек пе? Қайрат та, Жұлдыз да жаман емес. Арасына жалмауыздар түсіп, жалмады, болды. Сіздер ойлағандай тоқалы да жоқ. Әлі күнге дейін тоқал алу миына да кіріп шыққан емес, – деп жауап берді Гүлзира Айдарбекова оқырманның пікіріне.

пікір

скриншот

пікір

скриншот

пікір

скриншот

Әншінің анасы «Қайрат болмаса, отбасымызда мұндай абырой болмас еді. Мейлі жүрегін жаралай берсін, кінәлай берін. Бір Алла бағынан айырмасын» деп жазды.

Сонымен қатар Гүлзира Айдарбекова оқырманның Мальдив аралы туралы жазған пікіріне жауап берді.

Қалтамызды санап, әуре болмаңыз. Көрімізге алып кетпейміз. Не істесем де, өз балам. Сіздерден ұрлап алғаным жоқ, – деп жазды Қайраттың анасы.

пікір

скриншот

пікір

скриншот

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз