Украинадағы жерлестерімізді әкелуге Атыраудан Катовицеге екінші борт ұшып кетті

Украина, Польша, Қазақстан, әуежай, Украинадағы қазақстандықтар Сурет: Zakon.kz
Азаматтық авиация комитеті қазақстандықтарды әкелу үшін Польшаға екінші ұшақ жіберілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан азаматтарына жөнелтілген екінші ұшақ Атыраудан Катовицеге Нұр-Сұлтан уақытымен 10:13-те ұшты, – деп мәлімдеді Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.

Ведомство өкілдері ұшақ Катовице әуежайына 14:19-да (Нұр-Сұлтан уақыты) қонатынын айтты.

Еске салсақ, қазақстандықтар мінген алғашқы арнайы рейс Алматыға 28 ақпан күні түнде ұшып келген еді.

Украина мен Польшаның мемлекеттік органдарымен жасалған келісімдер аясында қазақстандықтарға шекарадан визасыз және ПТР сынамасын тапсырмай өту қамтамасыз етілді.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз