Жаңалықтар тізбегі
0

Тойға жастарды тасыған тікұшақ ұшқышы жұмысынан қуылды

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.07.2019 22:33 видеодан алынды
Бұл факті бойынша Азаматтық авиация комитеті халық қоныстанған елді-мекенге тікұшақты қондырғаны үшін ұшқыш Ф.А.Матвиенконы жұмыстан шеттетті.

Азаматтық авиация комитеті тойға тікұшақпен барған ұшқышты жұмыстан қуды. Оған азаматтық авиациядағы ұшу тәртібін бұзды деген айып тағылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2019 жылы 15 шілдеде әлеуметтік желілерде бір елді-мекенге тікұшақ қонып, одан жаңа үйленген жас жұбайлардың түсіп жатқан видеосы тараған болатын. Тікұшақ қонған өңір – Шу қаласының маңы болуы мүмкін деп болжанды. Ал тексеру № UP-RB006 тіркеу нөміріндегі R-44 тікұшағы «Falcon Avia» ЖШС-ға тиесілі екенін анықтады. Жастар тікұшақты жалдап, тойға осылай жарқ етіп келмекші болған көрінеді.

- Бұл арада ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 28 шілдедегі № 509 бұйрығымен бекітілген ҚР Азаматтық авиациясында ұшу операциялары ережелерінің 423-тармағында көрсетілген нормалар сақталмаған. Бұл факті бойынша Азаматтық авиация комитеті халық қоныстанған елді-мекенге тікұшақты қондырғаны үшін ұшқыш Ф.А. Матвиенконы жұмыстан шеттетті. Сондай-ақ «Falcon Avia» ЖШС-ның ұшуды ұйымдастыру мәселелерін жіті зерттеу үшін, арнайы инспекциялық комиссия құрылды, - деп хабарлады Азаматтық авиация комитетіндегілер.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: