Азаматтық авиация комитеті Астана әуежайындағы жағдай бойынша есеп берді

Астана әуежайы, Азаматтық авиация комитеті, рейстердің кешігуі, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.12.2023 16:29 Сурет: Zakon.kz
Азаматтық авиация комитеті Астана әуежайындағы жағдай бойынша есеп берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылдың 29 желтоқсанында Астана әуежайынан 84 рейстің ұшуы жоспарланған, оның 38-сі тоқтатылды. 

30 желтоқсанында сағат 00-00-ден 08-00-ге дейінгі кезеңде ұшуға 39 рейс жоспарланған, оның 22-сі кідіріспен әуеге көтелісе, 17-сі кестеден кешіктірілді.

Сағат 09-30-дан 12-00-ге дейін Астана әуежайының әуе айлағы ауа райының нашарлауына және тұрақ орындарының шектелуіне байланысты жабылды. Мұнда барлығы 64 тұрақ бар.

Астана әуежайы аймағындағы ауа райы сипаты: желдің екпіні 18 м/с-дан 23 м/с дейін жетуде, айналаның көріну деңгейі - 100-150 м., қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүруде. Ұшақтарға мұзға қарсы өңдеу жұмыстарын жүргізу желдің жылдамдығы 15 м/с дейін болғанда, ал айналаның көріну  деңгейі 800 метрден асқанда, сондай-ақ жауын-шашын болмаған кезде ғана мүмкін.

Ағымдағы сәттегі жағдай бойынша Астана әуежайынан ұшып шығатын 10 рейс кешіктіріліп жатыр, сондай-ақ қолайсыз метеожағдайлар және тұрақ орындарының болмауы себебінен ұшып келетін 20 рейс те кешіктірілуде. 

  1. КС 7208 FlyArystan Астана - Атырау;
  2. КС 7054 FlyArystan Астана - Алматы;
  3. КС 7365 FlyArystan Астана - Орал;
  4. FZ 1308 Fly Dubai Астана - Дубай;
  5. IQ429 Qazaq Air Астана - Талдықорған;
  6. DV 1704 SCAT Астана - Алматы;
  7. DV 783 SCAT Астана - Өскемен;
  8. DV 716 SCAT Астана - Шымкент;
  9. DV 714 SCAT Астана - Алматы;
  10. КС 7367 FlyArystan Астана - Орал;
  11. КС 851 Air Astana Алматы - Астана;
  12. DV 742 SCAT Актау - Астана;
  13. DV 756 SCAT Тараз Астана;
  14. КС 7368 FlyArystan Орал - Астана;
  15. CZ6013 China Southern Үрімші - Астана;
  16. КС 7051 FlyArystan Алматы - Астана;
  17. КС 7053 FlyArystan Алматы - Астана;
  18. DV1703 SCAT Алматы - Астана;
  19. IQ408 Qazaq Air Шымкент - Астана;
  20. DV715 SCAT Шымкент - Астана;
  21. КС7366 FlyArystan Орал - Астана;
  22. КС982 Air Astana Атырау - Астана;
  23. IQ430 Qazaq Air Талдықорған - Астана;
  24. DV784 SCAT Өскемен - Астана;
  25. КС208 Air Astana Дубай - Астана;
  26. DV743 SCAT Алматы - Астана;
  27. IQ354 Qazaq Air Алматы - Астана;
  28. IQ368 Qazaq Air Қостанай - Астана;
  29. DV735 SCAT Шымкент - Астана;
  30. IQ522 Qazaq Air Омбы - Астана.

Жолаушыларға әуе компанияның анықтамалық қызметтерінен, әуежай қосымшалары мен қызметтерінен рейс мәртебесін нақтылау ұсынылады.


Жолаушыларға ҚР заңнамасында көзделген қызметтер, оның ішінде рейстің ұшуын 2 сағаттан артық күткен кезде сусындар, ал 4 сағаттан артық күтсе - ыстық тамақ, 8 сағаттан астам уақыт кешіксе қонақүйге орналастыру ұсынылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: