Жаңалықтар тізбегі
0

Жаңадан салынып жатқан нысандардағы пәтерлердің бағасы қымбаттауы мүмкін

Баға, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.03.2022 19:30 Сурет: Zakon.kz
Болжанған төмен сұранысқа байланысты бірқатар құрылыс компаниялардың жүзеге асыру бойынша жоспарланған жобалар сатылымы кейінге қалдырылып отыр. Бұл туралы Қазақстан құрылыс салушылары қауымдастығы президентінің орынбасары Виктория Тен мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.k
Салынып жатқан жылжымайтын мүлік бағасына жақын арада әсер ететін негізгі фактор - ақша бағамының тұрақсыздығына байланысты құрылыс материалдары бағасының шарықтау ықтималдылығы. Сәйкесінше, бағадағы өзгерістерді есепке ала отырып, құрылыс компаниялары салып жатқан нысандарының, жоспардағы салынатын нысандардың да бағаларына түзету енгізуге мәжбүр болады. Қазақстан құрылыс салушылар қауымдастығы президентінің орынбасары Виктория Тен

Сонымен қатар, оның айтуынша, "материалдар бағасының қымбаттауы онсыз да өзектілік танытып отырған жұмысшылардың жалақысын арттыру мәселесін алға тартады".

Сонымен қатар, несиелік сыйақы мөлшерлемелердің өсімі құрылыстың өзіндік құнына да әсер етеді. Виктория Тен

Оның айтуынша, "бүгінгі күні сатылады деп мәлімделіп қойылған жобаларды доғару жағдайлары байқалмайды".

Алайда, болжанған төмен сұранысқа байланысты бірқатар құрылыс компаниялардың жүзеге асыру бойынша жоспарланған жобалар сатылымы кейінге қалдырғаны белгілі болды. Одан бөлек, құрылыс компаниялардың өзінің басы қатып отыр, өйткені бүгінгі күні қолдағы жобалардың өзіндік құны қанша болатынын олардың өзі де білмей дал, сәйкесінше жүзеге асыруы жоспарланған жобаларға қатысты бағаларды қайта белгілеу де айтарлықтай қиынға соғып, барлығын тығырыққа тіреп отыр. Виктория Тен
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: