Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде жаңадан салынып жатқан пәтерлер қымбаттауы мүмкін

үй, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.03.2022 18:23 Сурет: Zakon.kz
Бірқатар құрылысшылар жақында сұраныстың төмен болуы мүмкін екеніне байланысты іске асырылған жобаларды сатуды кейінге қалдырды. Бұл туралы Қазақстан құрылысшылар одағы президентінің орынбасары Виктория Тен мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазір салынып жатқан жылжымайтын мүліктің бағасына әсер ететін негізгі фактор – құрылыс материалдарының қымбаттауы. Бұл тұрақсыз валюта бағамына байланысты. Тиісінше, осыған байланысты құрылыс салушылар салынып жатқан нысандардың да, жоспарланған нысандардың да бағасын өзгертуге мәжбүр болады.Қазақстан құрылысшылар одағы президентінің орынбасары Виктория Тен

Виктория Теннің сөзінше, материалдар бағасы көтерілгеннен кейін көп күттірмей жұмысшылардың жалақысын көтеру керек болады.

Онымен қоса несие мөлшерлемесінің өсуі де ақыр соңында құрылыс құнына әсер етеді.Виктория Тен

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі президенті орынбасарының айтуынша, бүгінде сатылымға шығарылған жобаларды тоқтату фактісі байқалмады.

Алайда біраз құрылысшы жақын арада сұраныстың төмен болуына байланысты жүзеге асыру жоспарланған жобаларды сатуды бастауды кейінге шегерді. Сонымен қатар әзірлеушілердің өздері үшін бүгінде жобалардың құнын есептеу, сәйкесінше, іске асыру жоспарланған жобалардың бағасын белгілеу өте қиын.Виктория Тен
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: