Жаңалықтар тізбегі
0

«Тобыл» футболдан Қазақстан суперкубогінің иегері атанды

Футбол, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2022 00:17 Сурет: «Тобыл» ФК баспасөз қызметі
«Астана-Аренада» суперкубокті өткен маусымның чемпионы қостанайлық «Тобыл» мен кубок иегері алматылық «Қайрат» өзара сарапқа салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бірінші болып Қазақстан чемпиондары есеп ашты. Алматылық команда қорғаушылары өздерінің айып алаңында қарсыласты шалып жығып, соның арқасында қостанайлық Серікжан Мужиков пенальти теуіп, мүлт кетпеді. 10 минуттан кейін алматылық клубтың легионері Жоао Паолоның алыстан тепкен добы қақпа торында дөп келді. Осылайша бірінші кезеңде есеп тең түсті: 1:1.

Екінші кезеңде VAR халықаралық жүйесінің тәсілі қолданылды. Бас төреші Данияр Сахи даулы жағдайда электронды жүйенің көмегіне жүгініп, «Тобыл» қақпасына қарай 11 метрлік айыппұл соққысын тағайындады. Алайда 62 минутта «Тобыл» қақпасына белгіленген пенальтиді «Қайрат» футболшысы Рикарду Алвеш нысанаға тура бағыттай алған жоқ.

Есесіне 83 минутта қостанайлық футболшы Айбар Жақсылықов жеңіс голын соғып кетті. Осылайша «Тобыл» қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті. Қостанайлық клуб екінші жыл қатарынан суперкубок иегері атанды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: