Жаңалықтар тізбегі
0

"Қайрат" араға 16 жыл салып Қазақстан чемпионы атанды

vk.com / fckairat, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2020 15:40 vk.com / fckairat
Маусымның аяқталуына әлі біраз тур бар. Алматылық команда болса, үш ойын өткізу керек.

Алматылық "Қайрат" клубы футболдан Қазақстан біріншілігінің чемпионы атанды, деп хабарлайды zakon.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

3 қарашада алматылық команда шымкенттік "Ордабасы" ұжымын қабылдап, 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Кездесудегі есепті 36-минутта бразилиялық шабуылшы Вагнер Лав ашты. Артынша "Қайрат" командасы пенальти орындауға мүмкіндік алды. Нүктеге Нұралы Әліп келіп, айып добын сәтті орындады.

Бірінші таймда-ақ екі доп басымдығына ие болған "Қайрат" ойыншылары екінші таймды шамалы сылбыр бастады. Сөйтіп, 77-минутта шымкенттік команданың шабуылшысы Жоао Пауло бір гол соғып кетті.

Бірақ 80-минутта алаң қожайындары сапынан алаңға тыңнан шыққан Ұлар Жақсыбаев үшінші голды соғып, матчқа нүкте қойды.

Айта кетейік, маусымның аяқталуына әлі біраз тур бар. Алматылық команда болса үш ойын өткізу керек.

Бірақ, бұл жеңісінен кейін "Қайрат" мерзімінен бұрын чемпион атанып отыр. Алматылық команда 16 жылдан кейін бірінші рет чемпион атанып отыр.

Еске салайық, бұған дейін алты жыл қатарынан "Қазақстан чемпионы деген атақты "Астана" командасы иеленіп келді. Бірақ биыл елордалық ұжым екінші орынға талас жүргізіп жатыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: