Дағдарысқа қарсы шаралар штабы Қазақстан экономикасы тәуекелдерін талқылады

Отырыс Сурет: ҚР Премьер-министрдің баспасөз қызметі
3 наурызда ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кеңес аясында экономиканың салалық бағыттары, көлік және логистика, контрагенттер арасындағы өзара есеп айырысу мәселелері, сондай-ақ отандық бизнестің басқа да мәселелері талқыланды, делінген ҚР Үкімет басшысы баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазіргі уақытта ҚР Үкіметі «Атамекен» ҰКП-мен, АХҚО-мен және салалық бизнеспен бірлесіп, теріс әсерін басу үшін Қазақстан экономикасына нақты тәуекелдері мен ықпалы, сондай-ақ ықтимал қарсы шаралары қамтылған әлеуетті санкциялық сценарийдің есебін жүргізуде.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз