Қазақстанда шектеу шаралары жұмсартылады

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия бизнес пен тұрғындарға қатысты мынандай шектеу шараларын жұмсартуды мақұлдады:
егер екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспаса, ревакцинация немесе COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған ҚР азаматтары үшін елге кірер кездегі міндетті ПТР-тестілеу тоқтатылады;
ПТР тестінсіз вакцинация паспорттарын өзара мойындайтын шетел азаматтарына елге кіруге рұқсат етіледі;
ауру белгілері болмаған жағдайда науқаспен байланыста болған адамдарды үй карантиніне оқшаулау тоқтатылады ("Ashyq" жобасынан "сары" мәртебесін алып тастау).
Ералы Тоғжанов әкімдіктерге вакциналау қарқынын күшейтуді тапсырды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript