Жаңалықтар тізбегі
0

Карантинде шекараны кесіп өту кезіне қатысты шектеу шаралары жұмсартылды

ВАК, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2022 21:11 Сурет: Zakon.kz
7 ақпанда ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz

ВАК отырысында карантин кезеңінде қазақстандық және шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібін жеңілдету мәселелері талқыланды.

Ведомствоаралық комиссия уақытша шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылдады:

  • Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайлары арқылы шет мемлекеттерге шығуына;

  • визалық талаптар сақталған жағдайда шетелдіктерге визасыз режимі бар елдерден, сондай-ақ тікелей әуе қатынасы бар елдерден (тұрақты, тұрақты емес чартерлік рейстер) Қазақстан Республикасының аумағына/аумағы арқылы кіруге / транзиттік өтуге.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары үшін автоөтпе жолдары арқылы шет мемлекеттерге шығу үшін шектеу мерзімі екі есе азайтылды, енді қазақстандықтар 15 тәулікте бір рет шыға алады.

Елге кіру кезіндегі жалғыз талап – шетелден келгендердің барлығы вакцинациядан өтуіне қарамастан 72 сағат ішінде жарамды covid-19 теріс ПТР тесті туралы анықтаманы ұсынуы керек. Еріп жүретін адамдарда теріс тест туралы құжат болған кезде бес жасқа дейінгі балалардан анықтама талап етілмейді.

Бұл шаралар экономикалық қызметті жандандыруға, отандық туристік бизнесті дамытуға және елдің инвестициялық ахуалын жақсартуға бағытталған.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 21 қаңтарда бизнес өкілдерімен кездесу барысында Үкіметке коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша карантиндік шараларды қолдану тәсілдерін қайта қарауды тапсырған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: