Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде темекі 630 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін

темекі, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.03.2022 12:15 Сурет: pixabay
Қаржы министрлігі 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап темекі бағасын көтеруді көздейтін бұйрық жобасын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осылайша, 20 фильтрлі және фильтрсіз темекіге, папирос, сигарилла және қыздырылған темекі бұйымдарына ең төменгі бағаны мына мөлшерде белгілеу ұсынылады:

  • 2022 жылғы 1 сәуірден 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін 590 теңге;

  • 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 630 теңге.

Бұйрық жобасы 2022 жылғы 18 наурызға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА веб-сайтына жарияланған.

Бұған дейін хабарланғандай, 1 наурыздан бастап фильтрлі және фильтрсіз темекінің 20 данасының ең төменгі құны мынадай мөлшер бойынша белгіленген:

  • 2022 жылғы 1 наурыздан бастап 2022 жылғы 30 маусымды қоса алғанда 550 теңге;

  • 2022 жылғы 1 шілдеден бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда 570 теңге;

  • 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 600 теңге.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: