Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда темекі бірден 350 теңгеге қымбаттауы мүмкін

темекі тарту, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2022 12:37 Сурет: unsplash
ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2024 жылға қарай темекі бірден 300-350 теңгеге қымбаттауы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Темекіге қатысты келісім қазірдің өзінде ратификацияланды. 2024 жылға қарай біз 1000 темекіге акцизді теңгемен есептегенде 35 еуроға дейін көтереміз. Сонда бір қорабы 300-350 теңгедей болады деп есептей беріңіз. Алкоголь өнімдеріне келсек, бізде акциз айтарлықтай жоғары. Соған қарамастан қазір ЕурАзЭҚ аясында тиісті келісім әзірленіп жатыр. Ол күшіне енгеннен кейін біз де алкоголь өнімдеріне акциздерімізді біртіндеп жақындатамыз.ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев

Министрдің айтуынша, үкіметте құрамында қанты бар сусындардың бағасын көтеру мәселесі де талқыланып жатыр. Дегенмен әзірше бағам бойынша бір ымыраға келген жоқ.

Бағаларды қарау керек, біз үшін теңгерімді сақтау маңызды. Бір жағынан ұлт денсаулығы, екінші жағынан кәсіпорындар зардап шекпеуі үшін. Өйткені мұны акциздер есебінен салық төлейтін шағын және орта бизнес жасайды. Екінші жағынан, бұл – бюджет мүддесі. Бәрін баланста ұстауға тырысамыз.Ерұлан Жамаубаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: