Жаңалықтар тізбегі
0

Екі айда қырық басшының сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар екені әшкереленді – Бектенов

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, сыбайлас жемқорлық, президент, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.03.2022 15:25 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектеновті қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жазылды.

Олжас Бектенов президентке Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің биылғы атқарған жұмысының нәтижелері мен резонанс тудырған қылмыстық істердің тексерілу барысы туралы есеп берді.

2 айдың ішінде 240 адамның, оның ішінде республикалық және облыстық деңгейдегі 40 басшының сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар екені әшкереленді. Олардың қатарында 1 вице-министр, 1 қала әкімі және облыстық басқармалардың 11 жетекшісі бар. Келтірілген шығынның орнын толтыру үшін күдіктілердің құны 5,4 миллиард теңге болатын мүлкіне тыйым салынды.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов

Ол президентке Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің «тазалығын» қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларының орындалуы жөнінде баяндады.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының іске асырылуы туралы мәлімет берілді.

Салалық ведомство жетекшесінің айтуынша, ақпан айында парламент мәжілісі негізсіз байығаны үшін жауапкершілік туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Квазимемлекеттік сектордағы комплаенс қызметтерінің жұмысына, сыбайлас жемқорлық үшін басшылардың дербес жауапкершілігі институтын жетілдіруге ерекше көңіл бөлінді.

Бұдан бөлек қазіргі уақытта «follow the money» қағидаты бойынша қаржылық тергеуді дамытуға, пара беру жөнінде уәделесуге және пара ұсынуға қатысты қылмыстық жауапкершілікті енгізуге және сыбайлас жемқорлық үшін заңды тұлғалардың жауапкершілігін күшейтуге бағытталған заңнамалық шаралар топтамасы пысықталып жатыр.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев Олжас Бектеновке Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын тиімді жүзеге асыруға және сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: