Жаңалықтар тізбегі
0

Артық салмақ жинауға ұлдар бейімді ме, қыздар ма – зерттеу нәтижесі жарияланды

Қазақстан, артық салмақ, семіздік, зерттеу, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.03.2022 17:09 Сурет: pixabay
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен (ДДҰ) бірлесіп, Қазақстанда балалардың семіздігінің таралуы туралы зерттеу нәтижелерін ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шараға қатысушылардың айтуынша, зерттеу жұмысы мектеп жасындағы балалар арасында дене салмағының және аз қимылды өмір салтының көбеюінің өсіп келе жатқан проблемасына қоғамның назарын аудару және дұрыс тамақтану мен қозғалыс белсенділігі саласындағы жұмыстың негізгі бағыттарын анықтау үшін маңызды болған.

Сауалнамаға қатысқан мектептердің бестен бірінде қант, тұз немесе май мөлшері жоғары өнімдерді жарнамалау немесе маркетинг элементтері немесе теңгерімсіз тамақтанудың осы түрлерін іске асыратын брендтердің логотиптері бар. COSI зерттеуі баланың семіздігінің алдын-алу бойынша басым шараларды әзірлеу үшін тамақтану әдеті, физикалық белсенділік, отбасылық және мектеп ортасы сияқты мінез-құлық және қоршаған орта факторлары туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының м.а. Жанар Калмакова

Парламент сенатының депутаты Ақмарал Әлназарова семіздік, оның ішінде балалардың семіздігі, жүрек-қан тамырлары аурулары, 2-типті қант диабеті, қатерлі ісік сияқты ИЕА дамуының негізгі қауіп факторы ретінде, Елдің ұлттық экономикасына айтарлықтай ауыртпалық түсіре отырып, Қазақстанда даму мен қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы ушығып келе жатқан проблема екенін атап өтті.

     

Балалар арасындағы артық салмақ пен семіздік – ДДҰ-ның Еуропалық өңіріндегі негізгі проблемалардың бірі. Әр түрлі елдердегі COSI зерттеулері көрсеткендей, аймақта ұлдардың 28,7%-ы және қыздардың 26,5%-ы артық салмақ немесе семіздікке шалдыққан. Балалар мен жасөспірімдер арасында артық салмақ пен семіздіктің таралуын бақылау деректері тиімді саясат пен стратегияны жасау үшін өте маңызды.ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік кеңсесінің басшысы доктор Каролин Кларинваль

ҚДСҰО ғылым және кәсіби даму бөлімінің бас маманы Шынар Әбдірахманова өз сөзінде Ұлттық іріктемеге 14 облыстан және республикалық маңызы бар 3 қаладан – 81 қалалық және 72 ауылдық мектептерден 153 мектеп енгізілгенін атап өтті. Оның айтуынша, іріктеуге жалпы саны 6851 оқушы қатысқан.

Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, 6-9 жастағы балалардың 20,6%-ында артық дене салмақ болса (семіздікті қосқанда) (қыздар арасында 17,6%, ұлдар – 23,6%), балалардың 6,6%-ы семіздікке шалдыққаны анықталды (қыздар арасында 4,6%, ұлдар – 8,7%).    

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: