Ресейде Facebook әлеуметтік желісі бұғатталды

Ресей, Украина, Роскомнадзор, әлеуметтік желі Сурет: pixabay
4 наурыз күні Роскомнадзор Facebook әлеуметтік желісін бұғаттау туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
2022 жылғы 4 наурызда Ресей Федерациясында Facebook желісіне (Meta Platforms, Inc. компаниясына тиесілі) кіруге тыйым салу туралы шешім қабылданды.Роскомнадзор

Роскомнадзордың мәліметінше, 2020 жылғы қазан айынан бері Facebook тарапынан ресейлік БАҚ пен ақпараттық ресурстарды кемсітудің 26 жағдайы тіркелген. Соңғы күндері әлеуметтік желі аккаунттарға кіруге шектеу қойды: Звезда телеарнасы, РИА Новости, Sputnik, Russia Today ақпараттық агенттіктері, Lenta.ru және Gazeta.ru ақпараттық ресурстары.

Бұл шектеулер Ресей Федерациясының № 272-ФЗ «Адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын, Ресей Федерациясы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын бұзуға қатысы бар адамдарға ықпал ету шаралары туралы» заңымен тыйым салынды.

Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз