Тәжікстан билігі Facebook-ке салық төлеттіретін болды
Сурет: zakon.kz
Facebook – Тәжікстанда он мыңдаған қолданушылары бар танымал әлеуметтік желілердің бірі.
Тәжікстанның Салық комитеті Facebook әлеуметтік желісі салық төлеуші ретінде тіркелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.
Салық кодексіне енгізілген түзетулерге сәйкес, Тәжікстан азаматтарына интернет-қызмет көрсеткен компаниялар 18 пайыз қосымша құн салығын төлеуі керек.
Facebook және оның ресми өкілдері Тәжікстанның Салық комитетіне тіркеуден өту бойынша ресми мәлімет бермеді.
Facebook – Тәжікстанда он мыңдаған қолданушылары бар танымал әлеуметтік желілердің бірі.
Салық комитеті Facebook компаниясынан тысқары салық төлеуші ретінде Doodle Incorporation, Novatech және Esolar Ltd. компаниялары да тіркеуден өткенін мәлімдеді.
Тәжікстан Facebook, Google және басқа ірі телекоммуникациялық компанияларға салық төлету жағынан Ресей, Испания, Өзбекстан секілді басқа өлкелердің тәжірибесіне сүйенген.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript