Жаңалықтар тізбегі
0

Түркімен билігі Түркіменбашы туралы мақала үшін Wikipedia-ны бұғаттады

Igor Sasin (AFP), сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2019 23:05 Igor Sasin (AFP)
Уикипедия - Түркіменстанда қолданушылар ең көп кіретін сайттардың бірі.

Түркіменстан Уикипедияны бұғаттады. Бұл туралы Tukmen.News басылымы хабарлады, деп жазады Орталық Азия жаңалықтар қызметі.

Мәліметке қарағанда, Уикипедияданың бұғатталуына ел президенті Гурбангулы Бердімұхамедов туралы мақалаға жаңа мәліметтердің қосылуы себеп болған.

5 қарашада түркімен лидері туралы мақалаға "Жеке басы және көзқарастары" деген бөлім қосылып, АҚШ-тың Ашғабадтағы елші қызметкерлерінің пікірлері салынған.

Он жыл бұрын WikiLeaks сайтында жарияланған америкалық дипломаттардың Бердімұхамедов жайында "менменшіл, кекшіл, өте консервативті, өтірікші және өзінен білімді, ақылдыларды жақтырмайды" деген пікірлері қосылған.

Alexa сараптама сайтындағы мәліметке сәйкес, Уикипедия - Түркіменстанда қолданушылар ең көп кіретін сайттардың бірі. Бұл елде тәуелсіз сайттар ашылмайды. Олардың ішінде Азаттықтың түркімен қызметінің сайты да бар. Мұнан тысқары Түркіменстанда барлық әлеуметтік желілер мен мессенджерлер бұғатталған.

"Шекарасыз тілшілер" халықаралық ұйымы жариялаған әлемдегі сөз еркіндігі рейтингінде Түркіменстан биыл ең соңғы 180-орынға жайғасқан. Халықаралық ұйымдар Бердімұхамедовтің өзін "интернеттің дұшпаны" деп атайды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: