Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО колониясында сотталған әйелдер ерекше шоу ұйымдастырды

8 наурыз, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.03.2022 21:09 Сурет: ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
ШҚО әйелдер колониясында "Маска" шоуы өтті. Сұр қасқыр, Қызыл телпек, әже, медуза, Мики маус түріндегі қызықты бейнелерді сотталғандардың өздері ойлап тауып, барлық костюмдерді қолда бар материалдардан арнайы тігіп киді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мекемеде бес жасақ бар, онда 40 сотталған әйелден бар. Шоуға қатысу үшін әйелдер әр жасақтан бір кейіпкерден таңдап дайындалды. Шара шарты бойынша колонияның қызметкерлерінен құрылған қазылар алқасының мүшелері бетперденің арғы жағындағы жұмбақ сотталған әйелді дөп басып, табуы керек.

Түрме, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.03.2022 21:09

Сурет: ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Түрмедегі шара, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.03.2022 21:09

Сурет: ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Түрмедегі шара, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.03.2022 21:09

Сурет: ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Айта кетелік, іс-шараны тамашалауға Жарма ауданының әкімі, прокурор және "Атамекен"ҰКП өкілі де келді. Алғаш рет темір тордың ар жағындағы сотталған әйелдерді Жарма ауданының әкімі құттықтады. Ол барлық сотталған әйелдерге жеке сыйлық пен гүл таратты.

Сонымен қатар, мемлекеттік құрылымдардың өкілдері колонияның аумағын аралап, сотталғандардың ұсталу жағдайларын тексерді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: