Жаңалықтар тізбегі
0

«Борис» есімді пони әйелдер колониясында иппотерапия өткізуге көмектесіп жүр

Әйелдер колониясы, пони, иппотерапия, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.02.2022 18:06 Сурет: СҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің баспасөз қызметі
СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/6 әйелдер колониясында психологтар иппотерапия әдісін қолдана бастады, деп хабарлайды Zakon.kz

Сотталған әйелдер «Борис» атты ерекше пониге әбден үйреніп алыпты, пони оларға қорықпай, жақындай береді. Понидің бұл қылығы сотталған әйелдерге де ұнайды.

Жануарға деген осындай құмарлықты байқаған мекеме психологтары сотталғандармен иппотерапия сеанстарын өткізіп жатыр. Бұл терапия ұсақ моториканың дамуын ынталандырады, үйлесімді әлемді, оның ішінде психикалық бұзылулары бар адамдарды қабылдауды жақсартады. СҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің баспасөз қызметі

Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, сотталған Дарьяға «ақыл-ой дамуының тежелуі» диагнозы қойылған. Қазір онымен психологтар жұмыс істеп жатыр. Иппотерапия Дарьяға оң әсерін тигізіп үлгерді. Ол жануарға әбден үйреніп алыпты, пони екеуі сөйлескендей болады.

Психологтардың айтуынша, психорелаксацияның мұндай әдісі сырын сыртқа шығара бермейтін сотталған әйелдерге өте пайдалы болмақ.

Жануармен байланыс барлық блоктарды алып тастайды, адам ағзасындағы энергияның еркін ағымына ықпал етеді, бұл, әрине, психологтардың жұмысына көмектеседі, адамды ашады. Сотталғандардың жасақта тұру жағдайларына бейімделуіне көмектеседі.Психолог
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: