Қазақстандықтарды алып келетін төртінші рейс жөнелтілді
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстан азаматтары үшін төртінші репатриациялық рейс Атырау әуежайынан Катовице қаласына Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 16:02-де ұшып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, ұшақ Катовицеге шамамен Катовице уақыты бойынша сағат 16:26-де жетеді.
Қазақстан азаматтары үшін төртінші репатриациялық рейс Атырау әуежайынан Катовице қаласына Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 16:02-де ұшып шықты. Ұшақтың Катовицеге шамамен келу уақыты Катовице уақыты бойынша сағат 16:26-де, – делінген Азаматтық авиация комитетінің хабарламасында.
Еске сала кетейік, 6 және 7 наурызда Қазақстанның Украинадағы елшілігі Киевтен 31 адамның қауіпсіз шығуын қамтамасыз етті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript