Жаңалықтар тізбегі
0

Атырау облысында елді мекендер жарықсыз қалды

жел соқты, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.03.2022 17:52 Сурет: pixabay
Күшті желден 300-ге тарта электр бағаны құлап, желілер зақымданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Хабар 24 телеарнасы таратқан ақпаратқа сай, Атырау облысы Құрманғазы ауданында қатты дауыл тұрып, салдарынан ауданға қарасты 16 елді мекен жарықсыз қалған еді. Аудан табиғи аппаттан кейін әлі қалпына келген жоқ.

Күшті желден 300-ге тарта электр бағаны құлап, желілер зақымданды. Салдарынан электр желісімен қоса, телефон байланысы және жеке секторларда жылу жүйесі істен шықты.

6 наурыз күні аудан орталығы Құрманғазы селосы мен тағы 4 елді мекенге жарық берілген.

Бүгін таңертең аудандағы 58 мың 300 абоненттің 90 проценті электр желісіне қосылыпты. Апат салдарын қалпына келтіруге 8 бригада мен 22 техника жұмылдырылған.

Ағашы бар, бетоны бар желге қарсы тұрған соқалар желден құлады. Именно 10 мың вольттық, сосын бір соқа құлаған, «Еңбекші» ауылында 35 мыңдық. Қазір жұмысты бітіріп жатырмыз, түсқайта сағат 4-те «Бірлікке» береміз. Онда 550 абонент бар. «Утераға» түстен кейін береміз, «Көктоғайға» ертең береміз. Сондай-ақ бүгін «Қызылобаны» да үлгереміз. Толықтай 11 наурызда аяқтаймыз, бұйырса. Игорь Әбуғалиев, Құрманғазы аудандық электр жүйесі бөлімінің басшысы.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: