Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандық ғалымдар газ және тағам қалдықтарын кәдеге жаратып отыр

түтін, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.03.2022 18:01 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Бүгінде Білім және ғылым министрлігі Ғылым қорының қолдауымен қазақстандық ғалымдар 40-тан астам экологиялық жобаны жүзеге асырып жатыр. Ғылым қоры соның бірнешеуі туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Д.В. Сокольский атындағы Отын, катализ және электрохимия инстиутының ғалымдары газ тәрізді қалдықтарға арналған сүзгілерді жасады.

Мұнай өндіруші кәсіпорындар объектілерінде осындай сүзгілерді орнату Атырау, Ақтөбе, Қызылорда және Павлодар облыстарындағы ауаға улы газ шығарындыларын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берген екен. Ғылыми әзірлемелерінің арқасында ғалымдардың табысы 336 млн теңгеден асқан

Біз түтін газдарына арналған арнайы сүзгілер өндірісін ұсынып жатырмыз. Көп деңгейлі сүзгілер улы компоненттерден тазартып қана қоймайды, сонымен қатар парниктік газдарды, ең әуелі СО2-ні алады. Содан кейін оларды пластикке, маталарға, шайырларға және басқа өнімдерге айналдыра алады. Біз еліміздің барлық көмір арқылы жұмыс істейтін ЖЭО–ын тазарту құрылғысымен жабдықтауға дайынбыз.Техника ғылымдарының кандидаты, Д.В. Сокольский атындағы отын, катализ және электрохимия инстиутының ғалымы Болатбек Құсайын

Инновациялық зерттеулер мен технологиялар институтының ғалымы Майлыби Алдабергенов тағам және ауылшаруашылық қалдықтарынан күрделі қоспадан тұратын құрама жем алу технологиясын жасады. Бұл құрама жемдер ақуыздардың, амин қышқылдарының, дәрумендердің, микроэлементтердің және басқа да пайдалы компоненттердің толық жиынтығына ие. Сатудан түскен табыс шамамен – 250 млн теңге.

Сыра қайнату зауыттары, этил спиртін өндіретін кәсіпорындар өндіріс қалдықтарын - сыра бытырасын, спирт бардасын, бидай кебегін, жүзім және алма күнжарасын тастайды. Алайда бұл қалдықтарды толыққанды жем алу үшін пайдалануға болады. Осылайша біз жануарлар мен құстарға арналған жоғары протеин және оңай сіңірілетін құрама жемді қалдықсыз өндіру технологиясын әзірледік.Химия ғылымдарының докторы Майлыби Алдабергенов

Зерттеушілердің экология және социум – ESG, яғни экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару мәселесін шешуге бағытталған басқару технологиялары бойынша әзірлемесі бар.

Мемлекет басшысы ESG - жаһандық энергетикалық және технологиялық көшу талаптарын күшейту жағдайындағы инвестициялық саясаттың жаңа тұжырымдамасының маңызын айтты. Біз осы бағытта жұмыс жүргіземіз. Зерттеушілердің ғылыми әзірлемесін коммерцияландырамыз. Ғалымдар өндірістік, азық-түлік және ауыл шаруашылығы қалдықтарын қайта өңдеу, экологиялық таза өнім алу, көгалдандыру және баламалы энергия өндіру бойынша жобалар әзірлеп жатыр.БҒМ «Ғылым қоры» АҚ Басқарма төрағасы Арын Орсариев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: