Қазақстан ғалымдары 340 миллион теңге сыйақы алады

кітапхана, білім, ғылым, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.04.2022 14:30 Сурет: Алматы әкімдігі
30-дан астам қазақстандық ғалымдар 340 миллион теңге гонорар алады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ғылым комитетінің төрайымы Жанна Құрманғалиева айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кез келген ғылыми қызметтің маңызды нәтижелерінің бірі – нақты әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу, әр қазақстандықтың өміріне оң әсер ету, – деді Жанна Құрманғалиева.

2016 жылдан бері Қазақстанның Ғылым қоры ғылыми қызмет нәтижесін коммерцияландыру бойынша 151 жобаны қаржыландырды. Бүгінде 120-дан астам жоба сатылымға шықты.

Инновациялық өнімді өткізуден түскен жалпы кіріс – 16 млрд теңге. 5,2 млрд теңге – төленген салық сомасы. 1400-ден астам жұмыс орны ашылды. Өкінішке қарай, жобаларды жеке бірлесіп қаржыландыру біз қалағандай үлкен емес, шамамен 18%. Бірақ қазірдің өзінде Қазақстанның ғылымды қажет ететін өнімінен 350 миллион теңге экспортталған. 30-дан астам ғалымдарымыз әзірлеген жұмыстарынан 340 миллион теңгеге жуық сыйақы алады.Ғылым комитетінің төрайымы Жанна Құрманғалиева

Сонымен қатар Микробиология және вирусология институтының бас директоры Аманкелді Саданов ғылым халыққа қызмет етуі керек екенін айтып, ой қосты.

Кез келген іргелі зерттеулер белгілі бір уақыттан кейін өз нәтижесін беруі керек. Ғылым халыққа, елге, қоғамға қызмет етпесе, ондай ғылым ешкімге керек емес.Микробиология және вирусология институтының бас директоры Аманкелді Саданов

Айта кетейік, Қазақстанда барлығы 396 ғылыми ұйым бар. Оларда 22 665 адам жұмыс істейді. Олардың 54%-ы – әйелдер.

Кейінгі екі жылда жас ғалымдардың саны мың адамға өсті. 2018 жылы олар 8 мыңға жуық адам болса, 2021 жылы ғылым саласында 9200 жас жұмысшы еңбек етіп жүр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: