Байланыс операторлары нашар интернет үшін шамамен 271 миллион теңге төледі
Сурет: unsplash
Қазақстандық байланыс операторлары нашар интернет үшін шамамен 271 миллион теңге төледі. Бұл туралы мәжіліс отырысында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Вице-министр Қазақстанда жалпы байланыс операторларына жауапкершілік артып келе жатқанын атап өтті.
Менің білуімше, қазірдің өзінде байланыс операторлары 271 миллионға жуық айыппұлды төлеген. Тиісті заңнамаға өзгерістер енгіздік, байланыс сапасының параметрлерін бекіттік. Егер сізде мәселе туса, біздің министрліктің Байланыс комитетіне E-otinish жүйесі арқылы шағым түсіре аласыз. Біздің аумақтық мамандар шығып, барлығын тексереді. Сапа мәселесі бойынша бұзушылықтар болса, тиісті айыппұл салынады.Әсет Тұрысов
Сонымен қатар журналистер Әсет Тұрысовтан қандай байланыс түрін қолданып жатқанын және қандай да бір мәселеге тап болған-болмағанын сұрады.
Мен Activ-ті қолданамын. Негізінде ол қажеттіліктерім үшін өте қолайлы жұмыс істейді, - деп жауап берді Әсет Тұрысов.
Қазақстандықтар оқтын-оқтын интернет желісіндегі сәтсіздіктерге шағымданып тұрады. Атап айтқанда, жақында барлық қазақстандық байланыс операторларының пайдаланушылары ақауларға шағымданды.
Tele2, Kcell және Beeline Қазақстанның баспасөз қызметтері операторлардың желілері қалыпты жұмыс істеп жатқанын хабарлады. Сонымен қатар олар мәселе операторларға ғана қатысты емес, ғаламдық екенін айтты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript