Жаңалықтар тізбегі
0

Қартаю процесін баяулату жолы табылды

қарттық, қартаю, жасуша, ғалым, ғылым, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.03.2022 22:46 Сурет: pixabay
Солк институтының (АҚШ) ғалымдары эмбрионның дамуында маңызды рөл атқаратын арнайы белоктар – Яманака факторларын пайдаланып, егде жастағы тышқандардың жасушаларындағы қартаю процесін сәтті қалпына келтірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

massaget.kz сайтының жазуынша, тәжірибе барысында ғалымдар Яманака факторларының әртүрлі жастағы тышқандарға әсерін қадағалады. Субъектілердің бірінші тобына 15 айдан 22 айға дейін (адамдардағы 50 және 70 жас) Яманака факторларымен жүйелі түрде дозаланған тышқандар кірді, екінші топта процедуралар 12 айдан 22 айға дейінгі (35-70 жас) тышқандарға орындалды. Тышқандардың үшінші тобы экспериментке бар болғаны бір ай қатысты, ал кеміргіштердің жасы 25 ай (адам жасымен салыстырғанда – 80 жас) болды.

Зерттеу нәтижелері Nature Aging журналында жарияланды. Олардың айтуынша, экспериментке ұзағырақ қатысқан тышқандарда жасушалардың қартаю процесі кері өзгерді, бұл ретте патологиялар байқалмаған. Мұндай тышқандардың денесінде коллаген аз шығарыла бастаған. Бұл жас кеміргіштерге тән жараларының тез жазылуына ықпал еткен.

Ғалымдар болашақта бұл тәжірибе адам жасушаларының қартаюын «қайта бағдарламалай алады», бұл жүрек-қан тамырлары аурулары мен қатерлі ісік ауруларының даму қаупін азайтады деп болжап отыр. Қартаюдың бәсеңдету үшін, олардың пікірінше, 7 айдан 10 айға дейін қажет болуы мүмкін.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: