«Қазақстан жастарының даму деңгейі жоғары елдер тобында» – Жастар қызметкерлері қоғамдастығы кеңесінің төрағасы

жастар саясаты, жастар мәселесі Сурет: Жастар қызметкерлері қоғамдастығы кеңесі
Қазақстанда Білім және ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік банктің бірлескен жобасы – Zhas Project жастар корпусын дамыту жобасын іске асыру аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жоба шеңберінде мемлекеттік жастар саясатын жетілдіруге бағытталған тапсырма – «Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар саясатын іске асыру бөлігінде институционалдық дамуды қолдау» жүзеге асырылды.

Жастар қызметкерлерінің қоғамдастығы жастармен жұмыс істеу тәсілдері мен құралдары бойынша ұсынымдар дайындау, сондай-ақ әлеуметтік қызметкерлер мен осал жастармен жұмыс жөніндегі мамандардың құзыреттерін арттыру бойынша тапсырманы жүзеге асырды.

Тапсырма шеңберінде NEET санатындағы жастарды анықтау, есепке алу және табу, жастардың даму индексін есептеу бойынша ұсынымдар, сондай-ақ «жастардың әлеуметтік қызметін» концептуалдандыру және операционалдандыру тәсілі әзірленді.

«Біз жастармен жұмыс бойынша құралдарды талқылау және келісу үшін барлығы 3 фасилитациялық сессия өткіздік. Брейнштормның ведомствоаралық сессиясын ұйымдастыру және үйлестіру арқылы мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар арасында жастар саясатына жалпы мемлекеттік көзқарасты жеңілдету үш тақырып бойынша өтті: NEET-жастарды анықтау және есептеу; жастардың даму индексін есептеу бойынша ұсыныстар әзірлеу; сондай - ақ, «жастардың әлеуметтік қызметін» концептуалдандыру және операционалдандыру тәсілін әзірлеу», - деп түсіндірді Н. Наурызбаев.

Үш фасилитациялық сессияға жалпы 140 адам қатысты.

Сондай-ақ, Жастар қызметкерлері қауымдастығы жастармен жұмыс жүргізуде олардың біліктілігін арттыру мақсатында Жастар ресурстық орталықтарының тренерлері мен қызметкерлері үшін тренингтер өткізді. Тренингтер аутрич, бейресми білім беру және қиын өмірлік жағдайдағы жастармен жұмыс бағыттары бойынша ұйымдастырылды. Тренингтерді Нұр-Сұлтан, Түркістан, Ақтау, Алматы және Павлодар қалаларында бейресми білім беру және жастар жұмысы саласындағы ұлттық және халықаралық сарапшылар өткізді. Қатысушылардың жалпы саны 100 адамды құрады.

Сонымен қатар, Жастар корпусын дамыту жобасының екінші компонентін іске асыру шеңберінде Қазақстанның жастар қызметкерлерінің екінші конференциясы өтті, оған жастар қызметкерлері, министрліктердің өкілдері, Нұр-Сұлтан қаласы және өңірлердің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармаларының басшылары, Қазақстандағы Дүниежүзілік банк өкілі, Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілі, республикалық жастар ұйымдарының басшылары қатысты.

«Мұндай конференция тәжірибе, білім, сондай-ақ жастар ұйымдары мен жас ұрпақты дамыту саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат алмасу үшін өткізілді, оған 60-тан астам адам қатысты. Конференция аясында жастар жұмысының құралдары мен әдістерінің, сондай-ақ республикалық жастар ұйымдарының әзірлемелерінің жәрмеңкесі өткізілді. Сонымен қатар, конференцияда «Қазақстандық жастар үшін сын-қатерлер және оларға ден қою шаралары» тақырыбында пленарлық сессия өтті, онда қатысушылар жастар қоғамдастығын дамытудың маңызды трендтері мен жастар саясатын дамыту векторларын талқылады», - деді Жастар қызметкерлері қауымдастығы кеңесінің төрағасы.

Сондай-ақ қауымдастық онлайн форматта оқытуды өткізу үшін тренинг материалдарын цифрлық форматқа көшірді. Онлайн оқытуды өткізудің мақсаты жастармен жұмыс жөніндегі мамандар үшін оқыту бағдарламасы шеңберінде жастар саясаты саласында теориялық базалық білім жүйесін қалыптастыру болып табылады. Қазақ және орыс тілдерінде барлығы 20 модуль әзірленді.

Әзірленген курс жастар саласы қызметкерлері үшін тегін және қолжетімді — kaz.learningpassport.org электрондық оқыту платформасында орналасқан.

«Жастар саясаты - жастарды мемлекеттік қолдаудың кешенді жүйесі. Тәуелсіздік алған сәттен бастап елімізде жастардың мүдделеріне, қажеттіліктері мен үміттеріне ерекше көңіл бөлінеді. Соңғы отыз жылда жастар саясаты саласында бірнеше заң, тұжырымдамалар, бағдарламалар қабылданды. 2020 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен жастарды қолдаудың 2021 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспары жасалды. Бұл жоспар мемлекеттік жастар саясатын дамытудың келесі кезеңі болды. Мемлекет қабылдаған барлық бастамалар жастардың өзін-өзі жүзеге асыруы үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған», - деді Н. Наурызбаев.

Сонымен қатар, мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бөлігінде жергілікті атқарушы органдар жұмысы тиімділігінің кешенді көрсеткіші - жастардың даму индексін заңнамалық бекіту жоспарланған.

Жастар қызметкерлері қауымдастығы кеңесі төрағасының айтуынша, жастар саясатын дамытудағы мемлекеттік бастамалардың нәтижесінде Қазақстан қазір NEET санатындағы жастар үлесінің 1-9,9% деңгейінде ең төмен көрсеткіштері бар елдер санатына кіреді. Сондай-ақ, 2020 жылғы жастардың жаһандық даму индексінде Қазақстан жастардың даму деңгейі жоғары елдер тобында және 70-ші орында тұр. Атап айтқанда, жұмысқа орналастыру және мүмкіндіктер саласындағы көрсеткіштер 35-тен 55 балға дейін өсті.

«2021 жылғы жастар прогресінің жаһандық индексінде Қазақстан өз көрсеткіштерін айтарлықтай жақсартты және 54-ші орынға тұрақтады. Индекстің 12 негізгі компонентінің 9-тармағы бойынша пайыздық коэффициенттердің өсуі байқалады. Халықаралық рейтингтердегі елдік көрсеткіштерді жақсартумен қатар, республика ішінде жастармен жұмыс істеудің жаңа тетіктерін талап ететін бірқатар мәселелер бар. 2021 жылы «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы жүргізген «Қазақстан жастары» әлеуметтік зерттеуінің қорытындысы көрсеткендей, жастардың жартысынан азы жастарды қолдау мен дамыту тиімді іске асырылуда деп санайды. Жастардың 31,1%-ы жұмысқа орналасуға, 29,7%-ы жас отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етуге, 15,6%-ы білім беру мәселелеріне көңіл бөлу маңызды деген пікірде. Жастардың 9,3%-ы ешқандай қолдау күтпейді», - деді Н. Наурызбаев.

Н. Наурызбаевтың айтуынша, COVID-19 пандемиясының салдары әлем бойынша жұмысынан және кәсіби өзін-өзі сәйкестендіру мүмкіндігінен айырылған миллиондаған жастарға елеулі әсерін тигізді. Оның ішінде Қазақстан да бар. Сондықтан бүгінгі күні ересек өмірге кірудің транзиттік жолында белгілі бір қиындықтарға тап болған жастарды қолдау үшін уақтылы қадамдар жасау маңызды.

Жобаны іске асыру аясында мемлекеттік жастар саясатының өзекті мәселелері қаралды. Жастар қызметкерлерінің қоғамдастығы халықаралық тәжірибе негізінде «жастардың әлеуметтік қызметі» терминін анықтау үшін ұсыныстар дайындады. Жоғарыда аталған мәселелерді сапалы зерделеу үшін жастарды дамыту саласындағы түрлі сарапшылар мен белсенділердің қатысуымен үш фасилитациялық сессия өткізілді. Мұндай жұмыс форматы әр тараптан - жастар саясаты субъектілері мен жастар саясатын іске асыратын сарапшылардың ұсыныстарын қарауға мүмкіндік берді.

«Өткізілген сессиялардың нәтижелері бойынша мемлекеттік жастар саясаты саласындағы ағымдағы жағдайдың объективті және сараптамалық бағасын көрсететін нақты және атаулы ұсынымдар әзірленді. Әзірленген ұсыныстарды біз жұмыста практикалық қолдану үшін орталық мемлекеттік органдарға жібердік. Тұтастай алғанда, жоба еліміздің барлық өңірлерінде жастарды қолдаудың мемлекеттік шараларын сапалы іске асыруға жәрдемдесуге бағытталған», - деп атап өтті Н. Наурызбаев.
Басты Топ LIVE Бәрі
bellz
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз