Жаңалықтар тізбегі
0

Талдықорғандағы оқушы мен мұғалім арасындағы жанжал. БҒМ түсінік берді

Құқық бұзушылық, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.03.2022 11:26 Сурет: pixabay
11 наурыз күні биология сабағында 2005 жылғы оқушы мұғаліммен сөзге келіп, дауыс көтеріп, балағат сөздер айтқан. Мұғалім Талдықорған қаласының полиция бөліміне арызданды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазіргі таңда оқушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Шешімді Алматы облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қабылдайды. ҚР БҒМ баспасөз қызметі

Айта кетсек, кәмелетке толмаған балалардың іс-әрекеттері үшін ата-аналардың жауапкершілігі қарастырылған.

Осы іске байланысты оқушының ата-анасын жауапкершілікке тарту үшін әкімшілік іс қозғалды. Сонымен қатар белгіленген тәртіппен оқушыны есепке қою және оған психологиялық көмек көрсету туралы мәселе де қаралады. ҚР БҒМ баспасөз қызметі

Ведомстваның атап өтуінше, мұғалімдерге деген мұндай көзқарасқа жол берілмейді. Тек мұғалімдер ғана емес, ата-аналар да балалармен қоғамда өзін қалай ұстау керегі туралы әңгімелер жүргізуі маңызды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: