Талдықорғанда автобус өртеніп кетті

Автобус, Талдықорған, өрт, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.03.2022 13:43 Сурет: Instagram/taldykorganec.insta
11 наурыз күні таңертең Талдықорғанда жолаушылар автобусы өртеніп кетті. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 11 наурыз күні сағат 06.30-да автобус өртеніп жатқаны туралы хабар түскен.

Айта кетейік, көлікте жолаушылар болмаған.

Өрт сағат 06.44-те сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі – аспаптар панеліндегі сымдардың қысқа тұйықталуы, – деді баспасөз қызметі.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: