Ақтөбеде мысыққа пышақ сұғып алған ер адам жазаланады

ала мысық, мысық жарақат алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.03.2022 15:23 Сурет: pixabay
Учаскелік полиция инспекторы Хромтау ауданының 25 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz берген мәліметке сай, 7 наурызда №2 қалалық полиция бөліміне скоттиш-страйт тұқымды мысықтың иесі арызданды.

Оның айтуынша, белгісіз адам мысыққа пышақ сұғып алған. Учаскелік полиция инспекторы Хромтау ауданының 25 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

Масаң күйде болғандықтан, мысыққа еш себепсіз пышақ жарақатын салғанын түсіндірді. ҚР ҚК-нің 316-бабы 1-бөлігі (Жануарларға қатыгездік көрсету) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Осы баптың санкциясы жүз жиырма айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не отыз тәулікке дейінгі мерзімге қамау түріндегі жазаны көздейді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: