Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте Ұлыстың ұлы күні жалпыхалықтық мерекеге айналды

Наурыз мерекесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.03.2022 18:01 Сурет: Шымкент қаласының әкімдігі
Ұлыстың ұлы күніне орай, үшінші мегаполисте 10 жерде мерекелік бағдарламалар өтіп, тұрғындар мен қала қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биыл Шымкентте Наурыз жоғары деңгейде ұйымдастырылып, шын мәніндегі жалпыхалықтық мейрамға айналды. Ұлыстың ұлы күніне орай, үшінші мегаполисте 10 жерде мерекелік бағдарламалар өтіп, тұрғындар мен қала қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Шымқала этноауылы, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.03.2022 18:01

Сурет: Шымкент қаласының әкімдігі

«Наурыз-Думан» атты мерекелік шара «Шымқала» этноауылынан бастау алды. Тарихи кешенде өткен шараға қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысып, тұрғындарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.

Ғасырлар қойнауынан жеткен Ұлыстың ұлы күні, жыл басы – табиғаттың ғана емес, адамзат рухының да жаңаруының белгісі. Бұл мейрам баршамызды бірлік пен татулыққа шақырып, ортақ іске жұмылдырады. Наурыз – Шымкенттен бастау алады. Дәстүрлі мерекемізге басымдық беру мақсатында наурыз айының әрбір күнін ерекше атап өтуді қолға алдық. Осылайша ұлттық қазынамыз бен тарихи құндылықтарымыз, халқымыздың салт-дәстүрі дәріптелуде. Елімізді шуағына бөлеген Ұлыстың ұлы күні әр шаңыраққа мерейлі шаттық, мол ырыс пен мызғымас ынтымақ сыйласын. Мұрат Дүйсенбекұлы

Асық ату, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.03.2022 18:01

Сурет: Шымкент қаласының әкімдігі

Мерекеде республикаға танымал эстрада әншісі Айгүл Иманбаева мен «Хазар» ұлттық-фольклорлық тобы және дәстүрлі өнердің көрнекті өкілдері әннен шашу шашты.

Наурыз күні Шымкенттің орталық саябағына көп халық жиналды. Бұл жерде Әл-Фараби ауданы әкімдігі, қалалық басқармалар мен өзге де мекемелер киіз үй тігіп, қонақтарға Наурыз көже мен ұлттық тағамдарды ұсынды. Қала әкімі бірнеше киіз үйді аралап, көпшілікті мерекемен құттықтады.

Орталық саябаққа келген тұрғындар кір тасын көтеру, ләңгі, арқан тарту және өзге де ұлттық спорт түрлері мен ойындар бойынша өткен сайыстарды тамашалады.

Шаһар басшысы аталған екі мерекелік шарада да тәй-тәй басқан сәбилердің тұсауын кесіп, оларға ақ жол тіледі.

Шымкенттегі Наурыз мейрамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.03.2022 18:01

Сурет: Шымкент қаласының әкімдігі

Наурыз тойын жоғары деңгейде тойлауға Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен этномәдени бірлестіктер де өз үлестерін қосты.

Ассамблея ғимаратының алдына киз үй тігіліп, дастархан жайылды. Ал, құрметті қонақтар мен қала тұрғындары этномәдени бірлестік өкілдерінің «Армысың, әз-Наурыз!» атты салтанатты концертін тамашалады. Онда әртүрлі этнос өкілдер өз өнерлерін ортаға салды.

Шымкенттегі Наурыз мейрамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.03.2022 18:01

Сурет: Шымкент қаласының әкімдігі

Қонақтар мерекелік дастарханнан дәм алып, қала тұрғындарына Наурыз көже мен бауырсақ ұсынылды. Осылайша, Ұлыстың ұлы күнінде бауырмалдық пен қонақжайлықтың жарқын үлгісі дәріптелді.

Мұнан бөлек, Шымкенттегі Арбатта қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі ұйымдастырылса, Әл-Фараби алаңында Маржан Арапбаева, Тұрар Рахымберлин, Ақерке Тәжібаева сынды отандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Жиналған жұрт Наурыз көжеден дәм татты.

Наурыз мерекесіне орай дендросаябақта талантты жастардың қатысуымен түрлі байқаулар мен интерактивті эко-бағдарламалар ұйымдастырылды.

«Шымкент Цирктің» алдына жиналған көпшілік цирк әртістері мен сайқымазақтардың және акробаттардың өнерін тамашалау мүмкіндігіне ие болды.

Сонымен қатар Жеңіс, Металургтер саябақтарында және Қажымұқан атындағы орталық стадионның алдында мерекелік іс-шарлар өтіп, қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй тарту етті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: