Шымкент тұрғыны қошқарды 47 рет көтерді

қой көтерді, қошқар ата , сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2022 09:28 Сурет: pixabay
Шымкент тұрғындары Ұлыстың ұлы күніне орай «Қошқар Ата сейілі» атты көктем мерекесін тойлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана телеарнасының мәліметінше, Қошқар Ата өзені маңына жиналғандар қазақтың мерекелік бағдарларымен қоса қошқар көтерген палуандардың сайысын тамашалады.

Білек күшінің қаншалықты мықты екенін сынға алатын сайысқа қатысқан ер-жігіттер дүйім жұртты таңқалдырды.

45 келілік қошқарды желкесіне салып көтергендер аз болмады. Оза шапқан Көкбұлақ мәдениет үйінің әдіскері болды.

Ол қамбар ата төлін 47 рет көтеріп, қарсыластарын шаң қаптырды. Жеңімпаз сол көтерген малын сыйлыққа алды.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: