«Ирина Кайратовнаның» жаңа бейнебаяны жарық көрді
Сурет: Instagram.com/irinakairatovna
«Ирина Кайратовна» музыкалық тобы Shiza-мен бірігіп түсірген «Kõk tu» атты жаңа бейнебаянын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бес минуттық бейнеролик төрт күнде 1,5 миллион рет көрілді.
Бейнебаянда заманауи және төл құндылықтар үйлесім тапқан. Көрермендер шығарманың негізгі ойы Қазақстанның бірлігі екенін атап өтті.
«Ирина Кайратовна» мен Shiza жігіттері, сендерге мың алғыс, қазақтың көк туын желбірете беріңдер.
Маған минусын кім жазатыны қызықтырады. Бұл – әлемдік деңгей!
Наурыз өте әдемі басталды, тамаша дүние!
И«Ирина Кайратовна», Shiza, сапалы ән мен сапалы бейнебаян үшін рахмет!
«Ирина Кайратовна» – алты адамнан құралған ұжым: Алдияр Жапарханов, Илья Гуменный, Азамат Маркленов, Жасұлан Оңғаров, Ұлан Қайырласов және режиссер Қуаныш Бейсеков. Шығармашылық бірлестік 2017 жылы пайда болды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript