Димаш Құдайберген Ресейде жаңа бейнебаян түсіреді

Димаш, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2022 18:00 Сурет: instagram/kudaibergenov.dimash
Димаш Құдайберген Санкт-Петербургте екенін жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әнші Димаш Құдайберген Қытайдан Ресейге барды. Қазір ол Санкт-Петербургте. Жалпы Ресейде әнші екі аптадай болмақ. Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды.

Достар, осыдан бір-екі күн бұрын Қытайдан Ресейге жаңа әнге бейнебаян түсіруге ұшып келдім. Қазір Санкт-Петербург қаласындамыз. Ресейде 2 аптаға жуық уақыт боламын. Мұнда концерттерге, телешоуларға қатысамын. Баршаңызға жақсы көңіл-күй тіледім.Димаш Құдайберген

Еске сала кетейік, Димаш Құдайберген 25 наурызда Дубайда жеке концертін өткізеді.

Сонымен қатар әнші Минскіде концерт беретінін хабарлаған едік. 2 cәуір күні Минск аренада Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: