Димаш Құдайберген Дубайда концерт береді

Димаш Құдайберген 25 наурызда Дубайда жеке концертін өткізеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасында хабарлады. Димаш наурызда болатын жеке концертінің постерін жариялады.
Дубайда кездескенше! Пандемиядан кейінгі бірінші жеке концерт. 25 наурызда. Coca-Cola аренасында, – деп жазды Димаш.
Әншінің жанкүйерлері мен оқырманы концерт болатынына қуанып, асыға күтетінін жазып жатыр.
Еске сала кетейік, Димаш Құдайберген бірер күн бұрын Минскіде концерт беретінін хабарлаған еді.
Бөлісу
0
Толық оқу