Шанхайда кейінгі екі жылда болмаған ең үлкен локдаун енгізілді
Сурет: pixabay
Шанхайдағы локдаун коронавирус өршуімен байланысты. Локдаун екі кезеңге бөлінеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Associated Press агенттігінің хабарлауынша, бірінші кезеңде Пудонг қаласының экономикалық ауданы мен оның маңындағы аудандар жабылады. Екінші кезеңде билік Хуанпу өзенінің батысындағы мегаполистің орталық бөлігін жабады.
Шектеу кезінде тұрғындар үйде болуы керек. Жұмысы маңызды емес барлық кәсіпорын мен кеңсе қызметін тоқтатады. Сонымен қатар қоғамдық көлік жүрмейді.
Қалада коронавирусқа жаппай тестілеу жүргізіліп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript