Кейінгі екі аптада «ВКонтакте» қолданушылары өсті

в контакте, смартфон, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.03.2022 18:56 Сурет: pixabay
Осылайша желі белсенділіктің рекордтық өсімін тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы платформаның баспасөз қызметі хабарлады. Атап айтқанда, бейнеконтентті тұтыну белсенділігінің күрт өсуі тіркелді. Видео көру саны 40%-ға өсті. Clips-тегі қысқа тік бейнелерді жүктеп алу бойынша екі есе өсім байқалады.

8 наурызда «ВКонтактеде» күніне 1,75 миллиард видео мен 600 миллион клип қаралып, желі жаңа рекордқа жетті.

Сонымен қатар әлеуметтік желінің жаңа пайдаланушыларының саны белсенді түрде артып келеді. Кейінгі екі аптада ВКонтактенің күнделікті аудиториясы 300 мың қолданушыға өсті. Бұдан әрі қарай да өсе береді деген болжам бар.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, әлеуметтік желіде күнделікті тіркелу саны 20%-ға артқан. Қолданушылардың бір-біріне достық жіберуі де 20%-ға артқан. Адамдардың қарым-қатынасқа деген қажеттілігінің артқанын әлеуметтік желілердегі қоңыраулар санының артуы да дәлелдейді (12%).

Айта кетейік, жақында ВКонтакте компания тарихындағы ең үлкен авторлық қолдау бағдарламасын іске қосты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: