iPhone Қазақстаннан келетін қоңырауларды анықтай бастады – Бағдат Мусин

Қазақстан, Ресей, Iphone, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.03.2022 17:57 Сурет: pxhere
Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Apple компаниясымен бірлесіп, қазақстандық пайдаланушылардың абоненттік нөмірлерін теру кезінде елді көрсету мәселесін пысықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Apple компаниясымен бірге көпшілікті алаңдатқан бір мәселені реттедік – енді «+77» және «+76» халықаралық кодтардан түсетін қоңыраулар «Қазақстан» деп көрсетіледі.ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин

Ведомство басшысы Apple бұл өтінішті жылдам қарастырып, барынша ықылас танытқанын атап өтті.

Сөйтіп iOS 14 қолдайтын iPhone 6 және одан кейінгі құралдардағы аталған проблема шешілді.Бағдат Мусин
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: