Қарағандыда тұтқын колония қызметкерлеріне шабуыл жасады

Оқыс оқиға Сурет: Zakon.kz
Оқыс оқиға 2021 жылдың қазан айында Қарағанды облыстық ҚАЖД-ға қарасты АК-159/25 мекемесінде орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кісі өлтіргені үшін сотталып, жазасын өтеп жатқан ер адам бір блок темекіні камераға алып кірмекші болады. Бақылаушы оған темекі шегуге арналған арнайы орындар бар екендігін әрі камерада темекі сақтауға тыйым салынғанын еске салады. Өз кезегінде сотталған ер адам бақылаушыны бас салып, одан кейін кезекшіге қол жұмсайды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 429-бабы 2-бөлігі (мекеме қызметкеріне қатысты күш қолдану қаупі) бойынша қылмыстық іс тіркеліп, ол Жезқазған қаласының сотында қаралды. Сот сотталған адамды кінәлі деп тауып, үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД

Айта кетсек, сотталған ер адамның жазасын өтеп бітуіне екі жыл қалған еді. Енді қосымша жазаны қосқанда ол бес жылын төтенше қауіпсіздік мекемесінде өткеретін болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз