Бас мүфти ораза қарсаңында кәсіпкерлерге үндеу жасады

бас мүфти брифингте Сурет: ҚМДБ ресми сайты
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан кәсіпкерлерін мұсылмандар үшін қасиетті айда жеңілдік жасауға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бас мүфти қасиетті Рамазан айында халқымыздың тұрмыс жағдайын ескеріп, әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен азық-түлік бағасын мүмкіндігінше 10%-ға дейін төмендетіп, жеңілдік жасауы үшін кәсіпкерлерге үндеу айтты.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кім де кім бауырының қажетін өтесе, Алла оның қажетінде болады. Кім де кім мұсылманның бір қайғысын сейілтсе, Алла оның қайғы-қасіреттерінің бірін сейілтеді» деген. Рамазан – Раббымыздың мейірім-махаббатына бөленетін ай. Ендеше, берекелі айдың берекетінен құр қалмайық!Наурызбай қажы Тағанұлы

Cонымен қатар Наурызбай қажы Тағанұлы ораза кезінде ауқымды қайырым шаралары өтетінін хабарлады.

Діни басқарманың негізгі жұмыс бағыттарының бірі – қайырымдылық. Діни басқарма жанындағы «Зекет және қайырымдылық» қоры қасиетті айда «Шарапатты Рамазан», «Рамазан қоржыны», «Рамазан тәбәрігі» сынды ауқымды республикалық қайырымдылық іс-шараларды ұйымдастырады.ҚМДБ Төрағасы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз