Жаңалықтар тізбегі
0

«Өзіміз отырып шай ішейік»: Димаш Дубайдағы концертінде ел-жұрттың амандығын сұрады

Димаш, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.03.2022 11:20 Сурет: instagram/kudaibergenov.dimash
Димаш Құдайберген 25 наурызда Дубайдағы Coca-Cola аренасында жеке ән кешін өткізді. Әнші сол концерттен видео бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осы көктемде шетелдің бірнеше қалаларында Димаш Құдайбергеннің жеке ән кеші жоспарланған. Соның алғашқысы Дубайда өтті. Бүгінде Димаш Instagram-дағы парақшасында жеке кешінен видео бөлісіп жатыр.

Қалайсыздар, құрметті ағайын? «Өзіміз отырып шай ішейік» деген сияқты қазақша сөйлегенде кәдімгідей рахаттанып жатырмын. Ел-жұрт аман ба? Аман-есенсіздер ме? – деді Димаш Дубайдағы қазақ көрерменіне.

Содан кейін Димаш Құдайберген қазақша ән айтты. Әншінің Дубайдағы концертіне барған көрермені әлеуметтік желіде Димашқа алғысын айтып, ән кешінен алған әсерін бөлісіп жатыр. Ал әншінің қазақша сөзін түсінбегендерге қазақ көрермендер қолдау білдіріп, аударып беріп жатыр:

  • Мен концертке бардым. Өте тамаша өтті. Рақмет саған, Димаш!

  • Күнім, сенің күлгеніңді жақсы көреміз! Ресейден сәлем!

  • Шай туралы бірдеңе дегені қазақша әзілге ұқсайды.

  • Бізде, қазақтарда қонақтар кеткен соң «Енді өзіміз отырып шай ішейік» дейтін әзіл бар. Димаш соны айтып, бәріміз өзіміз болып шай ішейік дейді.

Еске сала кетейік, Димаш Құдайберген 2 сәуірде Минскіде концерт береді. Өтетін орны: Минск арена.

Әншінің көктемгі концерттік бағдарламасын жариялаған едік:

  • 25 наурыз. Дубай (Біріккен араб әмірліктері). Өтетін орны: Coca Cola Arena

  • 2 сәуір. Минск (Беларусь). Өтетін орны: Минск арена

  • 16 сәуір. Прага (Чехия). Өтетін орны: Типспорт арена

  • 9 сәуір. Дюссельдорф (Германия) Өтетін орны: ISS Dome

Концертке билеттерді әншінің Instagram парақшасындағы сілтемелер арқылы сатып алуға болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: