Димаш Прагада концерт береді

Димаш, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2022 10:51 Сурет: instagram/kudaibergenov.dimash
Димаш Құдайберген барша тыңдарманын ән кешіне шақырды. Әнші Чехияда концерт өткізбек, деп хабарлайды Zakon.kz

Еске сала кетейік, Димаш Құдайберген 25 наурызда Дубайда, 2 сәуірде Минскіде концерт өткізеді. Енді әнші Прагада да концерт беретінін хабарлады.

Құрметті достар! 16 сәуірде Прагада жеке концертім болатынын хабарлауға асықпын! Ән кеші Чехиядағы ең әдемі және ең үлкен ареналардың бірі – Tipsport Arenaда өтеді! Өздеріңізбен кездесуді асыға күтемін! Махаббатпен, Димаш, – деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасына.

Әншінің тыңдарманы мұндай жаңалыққа қуанып жатыр. Видео астына оқырман жылы лебізін білдірді:

  • Асыға күтеміз, Димаш!

  • Мен қалайда концертке баруға тырысамын!

  • Концерт ойдағыдай өтсін Өзіңізбен фотоға түсуге бола ма?

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: