Жаңалықтар тізбегі
0

Зейнетақы жинағындағы жеткілікті шектен асқан қаржыны алу мерзімі ұзартыла ма

БЖЗҚ, ҚР Еңбек және халықды әлеуметтік қорғау министрлігі, зейнетақы жинағының жеткілікті шегі, мәжіліс, депутат, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.03.2022 12:23 Сурет: Zakon.kz
Сенат кулуарында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов әлеуметтік желілерде депутат Аманжан Жамаловтың БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинағының жеткілікті шегін қолдану мерзімін жыл соңына дейін ұзарту туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Бізге ешқандай ұсыныс түскен жоқ (қазіргі жеткілікті шекті ұзарту туралы – ред.). Министрлік кез келген ұсынысты қарап, өз ұстанымын ортаға салады. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов

Бұл ретте ол ведомство азаматтардың зейнетақы жинақтарын, ең алдымен, зейнетке шыққанда лайықты өмір сүруінің кепілі ретінде қарастыратынын, сондықтан бұл қаражат жеткілікті болуы керектігін атап өтті.

Жеткілікті шекке қатысты мәселені әртүрлі қырынан қарауымыз керек. БЖЗҚ – халықтың лайықты зейнетақы үшін жинайтын қаражаты. Қордан барлық ақшаны алып қойса, ертең жасы келгенде зейнетке ең төменгі зейнетақымен шыққаны дұрыс па? Сондықтан Еңбек министрлігі бірінші кезекте болашақ зейнеткерлердің құқығын қорғайтын болады. Біздің ұстанымымыз – адам зейнет жасына жеткенде, оның жалақысына сәйкес зейнетақысы болуы тиіс.ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов

Бұған дейін ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Аманжан Жамалов үкіметті зейнетақы жинағындағы ең төменгі жеткілікті шектен асқан қаржыны алу мерзімін 2022 жылдың соңына дейін ұзартуға шақырған болатын. Ол зейнетақы жинағының бір бөлігін алдын-ала алу мемлекет басшысының идеясы екенін еске салып өтті. Сонымен қатар мәжілісмен жеткілікті шектің екі есеге жуық көтерілуін «ақылға қонымсыз» деп, бұл президенттің идеясына нұқсан келтіретінін атап өтті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: