Қазақстанда жәрдемақылар тағы көтеріле ме – министр жауап берді
Сурет: Zakon.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов үкімет кулуарында доллар бағамының күрт артуына және тауарлар бағасының өсуіне байланысты әлеуметтік төлемдер қайта индекстелуі мүмкін бе деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Заң бойынша индекстеу жыл сайын жүргізіледі. Ал биылғы жылы барлық әлеуметтік төлемдер индекстелді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов
Оның айтуынша, қайта индекстеу мәселесі бүгінде ашық күйінде қалып отыр. Тиісті шешімді жедел штаб қабылдауға тиіс.
Барлық қабылданған шешімдер негізделген әрі үйлестірілген болуы керек. Бүкіл жағдайды бағалайтын жеке жедел штаб бар, жағдайға байланысты шешімдер қабылданады, яғни индекстеу мәселесі әлі ашық. Серік Шәпкенов
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript