Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандықтар теңгенің әлсіреуін күту керек пе: Ұлттық экономика министрлігінің басшысы жауап берді

Теңге девальвацияға ұшырайды ма, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.11.2022 12:23 Сурет: Zakon.kz
ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантиров үкімет отырысында девальвация болуы мүмкін бе деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ұлттық экономика министрлігінің басшысы теңге әлсірегенімен, кейін өз позицияларын қалпына келтіретін маусымдық кезеңдердің бар екенін атап өтті.

«Қазір біз, негізінен, теңге бағамы 460 теңгеден төмен екенін көріп отырмыз – дәл осы бағам біз бюджетті нақтылау кезінде белгілеген болатын». Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантиров

Журналистер министрге девальвация болады ма деген сұрақты төтесінен қойды.

Министр жауап ретінде басын шайқады.

Бұған дейін Үкімет отырысында Ұлттық банк қазан айында теңгенің долларға шаққандағы бағамы 1,7 пайызға нығайды деп мәлімдеген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: